Спорт мамандары өзбек боксшысының әлсіз екенін айтуда
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Елхан Табынбаев (8-1, 6 КО) Алматы қаласында өтетін All Stars Boxing турнирінде өнер көрсетеді. Ол соңғы рет 2023 жылы рингке шыққан болатын.
Оның қарсыласы – Өзбекстан елінің өкілі Джурабой Зокиров (1-7, 0 КО). Өзбек боксшысы кәсіпқой бокс мансабында небәрі бір-ақ рет жеңіске жетіп, жеті рет жеңілген екен. Соған қарамастан Елханды жеңемін деген ниетпен Алматыға келе жатыр.
Зокиров соңғы жекпе-жегін былтыр ақпан айында өз отандасы Шукрулла Вохидовке (7-1, 5 КО) қарсы өткізіп, жеңіліп қалған болатын.
Айта кетейік, аталған бокс кешінде Балауса Мұздыман мысырлық Айя Рамаданға қарсы жұдырықтасады.