Қазақстанның сұлу боксшысы Балауса Мұздыман қарсыласын нокаутпен жеңді

Редактор
07.06.2025, 02:51

Кәсіпқой бокс кеші көрерменсіз өтті

newnames

Қазақстандық боксшы қыз Балауса Мұздыман кәсіпқой бокста сегізінші жекпе-жегін өткізді. 

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы рингте мысырлық Айя Рамаданмен жолықты. Алматыда өткен жекпе-жек Балаусаның мерзімінен бұрынғы жеңісімен, яғни нокаутпен аяқталды. 

Айта кетейік, негізі басында бұл кешті AllStarsBoxing промоутерлік компаниясы ұйымдастырған. Басты жепе-жекте «Мотиватор» лақап атымен танымал Әнуарбек Бекембетов пен Мұхит Амантаев жұдырықтасуы керек болған. Бірақ, турнирге үш күн қалғанда өтпейтіні хабарланды. Осы арада өзге промоутерлер араласып, бұл кешті ақыры өткізді. Алайда, Амантаев пен Бекембетов жекпе-жек өткізген жоқ. Жоспарланған өзге жекпе-жектер көрерменсіз өтті.