Бақыт Сәрсекбаев талантты боксшылар Төрехан Сабырхан мен Санжар Тәшкенбайды дайындайды

Редактор
07.06.2025, 03:00

Даңқты бапкер бұған дейін жастарды Азия чемпионатына дайындап, жоғары жетістікке жеткен

Фото әлеуметтік желіден

Бокстан ұлттық құрамаға резерв дайындайтын, 22 жасқа дейінгі боксшылардың бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев алдағы уақытта Төрехан Сабырхан мен Санжар Тәшкенбайға көмектесетінін айтты.

«Beren Live» арнасына берген сұхбат 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының чемпионы келесі Азия чемпионатына дайындықты бастайтынын айтты.

Төрехан Сәбырхан — әуесқой бокста жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның төрт дүркін чемпионы атанған тарихтағы алғашқы боксшы. Ал Санжар Ташкенбай — 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының және 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы.

– Келесі Азия чемпионатына сіздің қарамағыңызға жас талантты боксшылар Санжар Ташкенбай мен Торехан Сәбырхан өтеді дегенді естідік. Бұл Азия чемпионатындағы нәтижеңіз басшылықтың қызығушылығын тудырғанын білдіре ме?

– Әрине. Алда олармен бірге жұмыс істейтін боламыз. Көреміз. Бұған дейін аталған екі боксшымен бір залда болмадық. Дайындықты енді бастаймыз. Жаттығу жиындары болады, сол жерде кімнің қандай формада екенін байқап көреміз, - деді Бақыт Сәрсекбаев.