Бұған дейін Биволдың мененджерлері қос боксшының өзара жекпе-жек өткізетінін мәлімдеген еді
Канада атынан өнер көрсетіп жүрген ресейлік кәсіпқой боксшы Артур Бетербиев (20-0, 20) отандасы Дмитрий Биволмен (22-0, 11) болуы мүмкін жекпе-жек жайында пікірін айтты.
Күні кеше Каллум Смитті нокаутпен жеңгеннен кейін Бетербиев журналистер сұрағына жауап берген болатын.
– Бивол сізбен жекпе-жек өткізуге келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді. Сіз де қол қойдыңыз ба?
– Ол үнемі солай айтады. Соңғы 4-5 жыл бойы сұрағандардың бәріне келесі жекпе-жегін менімен өткіземін деп айтады екен. Менің осы жекпе-жегіме екі апта қалғанда менімен контракт жасастым деп айтыпты. Менің алда басқа адаммен жекпе-жегім болғалы жатыр, оның нәтижесі әлі белгісіз, сен қалайша менімен келісімшарт жасасың? Ол өзі нағыз боксшы екен (сұқ аусағымен самайын көрсетіп).
– Демек, сіздер бұл абсолютті чемпион атағы үшін болатын жекпе-жек мәселесін әлі талқылап жатырсыздар ғой?
– Екі боксшы бар кезде мұндай келіссөздер үнемі жүре береді. Мен бұл жекпе-жек жайында әлі ешнәрсе білмеймін, ал ол болса қол қойдық деп жүр. Не айтып жүргенін түсінбедім.
– Онда тағы ұзақ күтеміз ба?
– Боксшыларда үнемі солай (күліп).
– Бұл жекпе-жекті өткізу бойынша ұсыныс Сауд Арабиясының промоутерлерінен түскен жоқ па?
– Жоқ. Мен білмеймін. Мен сіздерге айтып отырмын ғой, маған нақты уақытын, өтетін орнын ешкім айтқан жоқ. Тек оның өзі ғана айтып жүр, мен оған сенбеймін. Ол жақсы адам емес, – деп сөзін түйді Бетербиев.
Айта кетейік, Артур Бетербиев 13 қаңтарда британдық Каллум Смитті жеңіп, өзінің WBC, IBF және WBO чемпиондық белбеулерін қорғады.