Өзбекстан бокс федерациясы Абылайхан Жүсіповтің жеңісін мойындамады

Редактор
10.06.2025, 10:53

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталған

Коллаж 1bol.kz

Өзбекстан бокс федерациясы Эйндховен қаласында өткен Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінің финалында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен өзбекстандық Асадходжа Муйдинходжаев арасындағы жекпе-жектің нәтижесіне қатысты өз ұстанымын білдірді.

Федерацияның ресми мәлімдемесінде:

«70 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жек бірінші раундтан кейін тоқтатылды. Қазақстандық боксшы жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады. Тең өткен раунд төрешілердің түсініксіз шешімімен аяқталып, 2:3 есебімен жеңіс Қазақстан өкіліне берілді», – делінген.

Айта кетейік, төрешілер шешімі бойынша жеңіс Абылайхан Жүсіповке беріліп, ол турнир чемпионы атанды.