Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді
30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді. Турнир қарсаңында шетелдік командалар елордаға келе бастады. Солардың қатарында Финляндия құрамасы да бар.
Команданың бас бапкері - КСРО спорт шебері, қандасымыз Асқар Сәрсенбаев. Ол Финляндияның Тампере қаласындағы TVC клубының жаттықтырушысы әрі ұлттық құрамалар үйлестірушісі.
«Қазақстан боксы — әлемдік деңгейдегі эталон. Мұндай жарысқа қатысу біз үшін үлкен тәжірибе», — деді бапкер.
Әлем кубогына АҚШ, Канада, Франция, Әзербайжан, Швейцария, Германия, Словакия және Швеция командалары да қатыспақ. 17-29 маусым аралығында Астанада біріккен оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр.
Айта кетейік, турнирді World Boxing ұйымы ұйымдастырады.