Астанаға өзбек боксшылары келе жатыр

Редактор
Бүгін, 02:13

Айта кетейік, Өзбекстан бұл жарысқа тек әйел боксшыларын жіберді.

скрин видео

Өзбекстандық боксшы қыздар Астанада өтетін World Boxing ұйымының әлем кубогі кезеңіне қатысу үшін жолға шықты.

«Түркияда бірлескен жаттығу жиынын аяқтаған әйелдер құрамасы бас бапкер Эльшод Расуловтың жетекшілігімен Астанаға аттанды. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда World Boxing Кубогінің кезекті кезеңі өтеді», – деп хабарлады Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Өзбекстан бұл жарысқа тек әйел боксшыларын жіберді. Бұған дейін бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов өзбек командасы жарысқа қатысудан бас тартқанын айтқан еді.

«Бастапқыда олар турнирге қатысатынын мәлімдеген, бірақ бір-екі аптадан кейін жоспарларынан айнып қалды. Бұл шешім тактикалық ойлармен байланысты болуы мүмкін», – деді Сәтжанов.

Айта кетейік, World Boxing Әлем кубогінің кезеңі Қазақстан астанасында 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді. Оған 30-дан астам елден 300-ге жуық былғары қолғап шебері қатысады.