Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тағы кезекті жекпе-жегіне аттанды

Редактор
Бүгін, 02:59

Спортшы Шымкенттегі №14 емдеу орталығында медициналық тексеруден өткенін айтып, дәрігерлерге алғысын білдірді.

Фото: instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокстан IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) Америка Құрама Штаттарында өтетін келесі жекпе-жегіне аттанды.

Спортшы Шымкенттегі №14 емдеу орталығында медициналық тексеруден өткенін айтып, дәрігерлерге алғысын білдірді.

«Америкаға жолда – кезекті жекпе-жекке. Шымкент қаласындағы №14 емдеу орталығында кәсіби дәрігерлерден денсаулығымды тексертіп шықтым. Қызмет сапасы жоғары, заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ақ халатты абзал жандарға көп рахмет!» – деп жазды ол желіде.

Әзірге қарсылас аты аталмағанымен, Жәнібек Әлімханұлының АҚШ-та өтетін маңызды жекпе-жекке дайындалып жатқаны анық.

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста жеңіліс көрмеген. Оның рекорды: 17 жеңіс, 12 нокаут. Соңғы рет 2025 жылғы сәуірде Астанада жекпе-жек өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгіні бесінші раундта нокаутпен ұтқан.