Әлем кубогіндегі басты сенсация: Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шықты

Редактор
30.06.2025, 16:28

Екі раунд қорытындысы бойынша Абылайхан есепте алда тұрған болатын.

бокс федерациясы

Бүгін Астанада бокстан әлем кубогі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде шаршы алаңға шыққан 70 келідегі Абылайхан Жүсіпов жеңіліс тапты.

Отандасымыз қырғыз Алмаз Орозбековке жол берді. Абылайхан екінші раундта қабағынан жарақат алып қалды. Дәрігер қарауынан кейін жекпе жекті жалғастырды.

Үшінші раундта дәрігер жұдырықтасуды тоқтатып, төрешілер шешімімен қырғыз боксшысы жеңіске жетті.

Екі раунд қорытындысы бойынша Абылайхан есепте алда тұрған болатын.

Айта кетейік, Астанадағы Әлем кубогінде 31 мемлекеттен келген 300 боксшы бақ сынайды.

Бұл қатысушылар саны бойынша өзіндік рекорд саналады. Себебі Бразилиядағы турнирге 19, Польшадағы бәсекеге 24 елден боксшылар қатысқан болатын. Сондай-ақ 8 мемлекет Әлем кубогіне алғаш рет қатысып жатыр.