Ұлттық құраманың тағы екі боксшысы ширек финалға өтті

Редактор
Бүгін, 00:35

Виктория ширек финалда Еуропа ойындарының қола жүлдегерімен кездеседі

бокс федерациясы

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында екі қазақстандық боксшы қыз келесі кезеңге өтті.

Алдымен қарағандылық Виктория Графеева (60 келі)  Жапония өкілі Аяка Тагучимен жұдырықтасты. Тартысқа толы жекпе-жектің қорытындысы бойынша Виктория келесі кезеңге өтті. 

Енді Виктория ширек финалда Еуропа ойындарының қола жүлдегері, түркиялық Өзер Гиземмен жекпе-жекке шығады.

Ал Наталья Богданова (70 келі) үндістандық Чану Тхокчоммен кездесті.

Жекпе-жек тартысқа толы болды. Нәтижесінде үшінші раундта басымдық танытқан Наталья Богданова келесі кезеңге өтті.

Енді ол келесі кезеңде бразилиялық, Панамерика ойындарының чемпионы Мария Дос Сантос Варварамен жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін) мен Әнел Сақыш (54 келіге дейін) келесі кезеңге өткен болатын. Өкінішке қарай, Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) жарысты аяқтады.