Бүгін Махмұд Сабырхан бастаған 7 боксшы жартылай финал жолдамасын сарапқа салады

Редактор
Бүгін, 08:27

 Астанадағы әлем кубогына 31 мемлекеттен 300 боксшы келген

бокс федерациясы

Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогының үшінші жарыс күнінде 7 қазақстандық боксшы жартылай финалға шығу үшін жекпе-жек өткізеді.

Күндізгі сессия – 14:00

3-жұп | 70 келі | 1/4 финал
Барбара Мария Дос Сантос (Бразилия, Париж Олимпиадасының қатысушысы) – Наталья Богданова (Қазақстан);

5-жұп | 60 келі | 1/4 финал
Серік Теміржанов (Қазақстан) – Шунсук Китамото (Жапония);

11-жұп | 80 келі | 1/4 финал
Нұрбек Оралбай (Қазақстан, Әлем чемпионы) – Лакшая Шахар (Үндістан).

Кешкі сессия – 19:00

2-жұп | 57 келі | 1/4 финал
Алиса Мендоза (АҚШ, Париж Олимпиадасының қатысушысы) – Айдана Забынбекова (Қазақстан);

3-жұп | 55 келі | 1/4 финал
Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Аорон Жуд Бадо (Филиппин);

6-жұп | 75 келі | 1/4 финал
Джошуа Офори (Канада, Гананың тумасы) – Сабыржан Аққалықов (Қазақстан);

8-жұп | +90 келі | 1/4 финал
Айбек Оралбай (Қазақстан) – Диего Лензи (Италия, Париж Олимпиадасының ширек финалисі).

Айта кетейік, Астанадағы әлем кубогында 31 мемлекеттен келген 300 боксшы бақ сынайды.