Әлімханұлы Адаместың келісімшартқа қол қоймайтынын айтты
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері Карлос Адаместың келісімшартқа қол қоймайтынын мәлімдеді.
«Көрдіңіздер ме? Ол ғайып болды! Әдетте Twitter-де өте белсенді еді, енді мүлде үнсіз қалды. Неге екенін мен білемін – ол не айтарын білмейді. Өйткені, алдында келісімшарт жатыр. Бірақ ол оған қол қоймайды», – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, бұған дейін Жәнібектің менеджері Эгис Климас (әлемге әйгілі украиналық Василий Ломаченконың да менеджері – авт.) бұл жолы тікелей және батыл үндеу жасады. Ол өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында Адаместі ашық айқасқа шақырып, әйгілі промоутер Турки Әл-аш Шейхке де үндеу тастады.