Ол үндістандық Джугну Альватаны нокдаунға түсірді
85 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов финалда үндістандық Джугну Альватаны 5:0 есебімен айқын жеңіп, алтын медальді иеленді.
Айта кетейік, алғашқы раундта-ақ отандасымыз қарсыласын нокдаунға түсірді.
Ал 80 келіде шаршы алаңға шыққан Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды. Ол финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері француз Йожерлин Сезардан жеңіліп қалды.