Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медаль түсті.
Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Қазақстан қоржынына кезекті алтын жүлделер түсті.
Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Бекзат Нұрдәулетовтер чемпион атанған еді. Солардың қатарына Виктория Графеева (60 келі) мен Наталья Богданова (70 келі) қосылды.
Графеева финалда бразилиялық Ребека де Лима Сантоспен қолғап түйістірді.Жекпе-жек аса тартысты жағдай өтті. Алғашқы раунд бразилиялық басым түссе, екінші раундта Виктория жеңіске жетті. Үшінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді. Сөйтіп жеңісті жұлып алды.
Ал Наталья финалда Лекейша Перголитимен (Аустралия) өзара мықтыны анықтады. Үш раундтың нәтижесі бойынша төрешілердің шешімімен Наталья Богданова жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медаль түсті.
Енді кешкі бағдарламада Санжар Тәшкенбай (50 келі), Надежда Рябец (75 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары)