Алуа Балқыбекова финалда Финляндия боксшысынан жеңілді

Редактор
06.07.2025, 19:49

Отандасымыз World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

ҰОК

Астанада өткен World Boxing Cup турнирінде қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Алуа Балқыбекова 51 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Финалда ол Финляндияның Токио-2024 Олимпиадасының ширек финалисі Пихла Кайво-Оямен қолғап түйістірді. Өкінішке қарай, тартысты өткен жекпе-жекте Балқыбекова төрешілер шешімімен 0:5 есебімен есе жіберді. Сонымен қатар, екінші раундта ережені бұзғаны үшін төреші Алуадан бір ұпай алып тастады.