Қазақстан құрамасы 16 салмақ дәрежесінде жүлдеге қол жеткізді
Астанада өткен World Boxing турнирі аясындағы әлем кубогында Қазақстан құрамасы медальдар саны бойынша топ жарды.
30 маусым мен 6 шілде аралығында Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен бұл жарыста 30 елден келген 300-ге жуық боксшы өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы 16 салмақ дәрежесінде жүлдеге қол жеткізді. Ерлеріміз 5 алтын, 1 күміс, 2 қола, ал қыздарымыз 3 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль еншіледі.
Чемпион атанғандар қатарында Санжар Ташкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Бекзад Нұрдәулетов (85 кг), Айбек Оралбай (90+ кг), Назым Қызайбай (48 кг), Виктория Графеева (60 кг) және Наталья Богданова (70 кг) бар.
Сонымен қатар, күміс жүлдені Нұрбек Оралбай (80 кг), Алуа Балқыбекова (51 кг), Надежда Рябец (75 кг) және Елдана Тәліпова (80+ кг) жеңіп алды. Қола медальді Ертуған Зейнуллинов (65 кг), Сағындық Тоғамбай (90 кг), Айдана Забынбекова (57 кг) және Аида Әбікеева (65 кг) иеленді.
Жалпы жүлде кестесі:
Қазақстан - 8 алтын, 4 күміс,4 қола
Бразилия - 4-2-1
Үндістан -3-5-3
Аустралия -1-1-1
Өзбекстан - 1-0-4
Франция - 1-0-3
Финляндия - 1-0-0
Норвегия -1-0-0
Түркия - 0-2-6
Жапония - 0-1-2
АҚШ - 0-1-2
Моңғолия - 0-1-1
Болгария - 0-1-1
Германия - 0-1-1
Филиппин - 0-1-0
Әзербайжан - 0-0-3
Англия - 0-0-3
Нигерия - 0-0-1
Польша - 0-0-1
Тайпей - 0-0-1
Доминикан - 0-0-1
Қырғызстан - 0-0-1