Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Дулат Бекбауов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

12.07.2025, 09:10

Қарсыластың жекпе-жекті жаkғастыра алмауына байланысты, рефери техникалық нокаут тіркеген

Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Алматыда кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Жерлесіміз әзербайжандық Ниджат Хасановқа (5-0-2, 2КО) қарсы рингке шыққан болатын.

Жекпе-жек барлығы сегіз раундтқа жоспарланған еді. Алайда, бесінші раундта Ниджат Хасанов ауыр жарақат алуына байланысты жұдырықтасудан бас тартты. Осылайша бәсеке тағдыры мерзімінен бұрын шешіліп, Дулат Бекбауов кәсіпқой бокстағы бірінші жеңісіне қол жеткізді.

Ал әзербайжандық мансабында тұңғыш рет жеңіліске ұшырады. Ол кәсіпқой бокста барлығы 7 жекпе-жек өткізіп, оның екеуі тең есеппен аяқталса, қалған бесеуінде жеңіске жеткен болатын.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама