Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы Элина Базарова өзбек мықтысын еш қиындықсыз жеңді

Редактор
Бүгін, 09:53

Ол әуесқой бокста әлем чемпионы атанған

Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы қыз Элина Базарова кәсіпқой рингте дебютін өткізіп, сенімді жеңіске жетті. Алматыда өткен бокс кешінде отандасымыз өзбек қызын тізе бүкітрді.

Өзбекстандық Ситора Шогдарова бұған дейін екі жекпе-жек өткізіп, оның екеуінде де жеңген. Бұл жолы да Қазақстанға ол кезекті жеңісі үшін келген еді. Алайда, төрт раундқа созылған айқаста Элина Базарованың мерейі үстем болды: төрешілердің бәрі жеңісті бір ауыздан қазақ боксшысына берді.

Айта кету керек, Элина Базарова жастар арасында әлем чемпионы атанған. Ал, ересектер арасында Азия чемпионатын жеңіп алған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама