Бек Нұрмағанбет - «Канелоның» спарринг-серіктесі
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет танымал мексикалық спортшы Сауль «Канело» Альвареспен бірге түскен видеосын жариялады.
Бейнежазбада қазақстандық спортшы мен Альварестің жеке ұшаққа бара жатқанын көруге болады. Ұшақ мексикалық боксшыға тиесілі. Видеоны спортшы өзінің Instagram-парақшасына жүктеген.
«Мен қазір көтеріліп кеткенмін…» - деп әзілдеп жазба қалдырды Бек Нұрмағанбет.
Mundodeportivo басылымының мәліметінше, видеодағы Embraer Legacy 500 үлгісіндегі ұшақтың иесі - «Канело». Аталған әуе кемесінің нарықтағы бағасы - шамамен 18,4 миллион доллар.
Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет қазіргі уақытта «Канелоның» залында жаттығады әрі мексикалықтың спарринг-серіктесі. Қазақ боксшысының даярлығы мексикалық супержұлдыздың жеке бапкерінің қадағалауында.