Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

WBO атағына үміткер: Жәнібек Әлімханұлы болашақ қарсыласының атын білді

Редактор
15.07.2025, 12:37

Дүниежүзілік бокс ұйымы соңғы шешімді қабылдады

Top Rank

Жеңімпаз Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығу құқығына ие болады.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) британдық Дензел Бентли (21 жеңіс, 3 жеңіліс, 1 тең) мен венесуэлалық Эндри Сааведра (17 жеңіс, 1 жеңіліс, 1 тең) арасындағы жекпе-жектің келіссөздері басталғанын мәлімдеді. Бұл кездесудің жеңімпазы орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 KO) міндетті қарсылас мәртебесін алады.

Бентли мен Сааведра арасындағы айқас алдағы айларда өтуі мүмкін. Бұл туралы WBO президенті Густаво Оливьери хабарлап, ұйым қос боксшының командасына ресми хабарламалар жолдағанын растады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Дензел Бентли бұған дейін 2022 жылдың қарашасында жұдырықтасқан. Сол кездесуде қазақстандық боксшы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, чемпиондық белдігін қорғап қалған.

Егер Бентли титул үшін қайта айқасуға мүмкіндік алса, бұл оның Жәнібекпен реваншы болмақ. Ал Сааведра жеңіске жеткен жағдайда, Әлімханұлы алғаш рет венесуэлалық нокаутшының бабын бағамдап көреді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: