Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы WBC рейтингінде ТОП-15-ке кірді

Редактор
Бүгін, 10:23

Иван Дычко екі саты төмен түссе, Мейірім Нұрсұлтанов көш бастап келеді

instagram.com/kazproboxing

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады.

Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің жаңа позициялары төмендегідей:

  • Суперауыр салмақта Иван Дычко екі саты төмен түсіп, қазір 34-орынды иеленіп тұр.

  • Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет төрт саты жоғарылап, алғаш рет топ-15 қатарына енді — ол 15-орында. Ал Али Ахмедов бір орынға төмен сырғып, 29-сатыға жайғасты.

  • Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов әлі де рейтинг көшін бастап келеді және әлем чемпионы титулы үшін басты үміткер мәртебесін сақтап отыр. Айта кетейік, бұл титул қазіргі кезде доминикандық Карлос Адамеске тиесілі.

  • Бірінші орта салмақта Садриддин Ахмедов 32-орыннан 33-орынға сырғыды.

  • Жартылай орта салмақта Данияр Елеусінов өз позициясын сақтап, 30-орында қалды.

  • Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев үш саты төмендеп, 32-орынды иеленді.

  • Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек бұрын 16-орында болса, енді 18-сатыға тұрақтады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама