Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Жәнібектің жарнамасы ғана жақсы». Танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлы туралы айтты

Редактор
25.07.2025, 09:13

Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Роман Кармазин отандасымыз туралы пікір білдірді

коллаж: 1bol.kz

Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Роман Кармазин орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы туралы өз пікірін айтты.
Кармазиннің сөзіне қарағанда, Жәнібек мықты боксшы болғанымен, әзірге супержұлдыз деңгейіне жеткен жоқ.

«Жәнібекті білемін. Шәкіртім бірнеше жыл бойы соның залында спарринг жасап жүрді. Оны рингте де көрдім. Жәнібек - мықты боксшы, бірақ оны супержұлдыз деп айта алмаймын. Оның жарнамасы ғана жақсы. Головкин карьерасын аяқтады, енді біреуді дамыту керек қой. Жәнібектің ұлты да қазақ. Өте мықты боксшы, бірақ мен оны болашақ супержұлдыз деп айта алмаймын», - деді Кармазин.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік танымал боксшы Сергей Ковалев Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы болашақ абсолютті әлем чемпионы ретінде көретінін айтқан. Дәл осыған ұқсас пікірді ресейлік әлем чемпионы Бахрам Муртазалиев те білдірген.

 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама