Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Усикке WBO белбеуін қорғау үшін міндетті қарсылас тағайындалды

Редактор
25.07.2025, 11:29

Егер Усик бұл кездесуден бас тартса, IBF белбеуінен айырылады

allboxing.ru

Супер ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы, украиналық Александр Усик WBO (Бүкіләлемдік бокс ұйымы) титулын сақтап қалу үшін жаңазеландиялық үміткер Джозеф Паркермен жекпе-жек өткізуі тиіс. Бұл туралы WBO ұйымының баспасөз қызметі хабарлады.

Ұйым қос боксшыға келіссөздер жүргізу үшін 30 күн уақыт берді. Егер Усик бұл кездесуден бас тартса, жақында ғана IBF (Халықаралық бокс федерациясы) белбеуін иеленіп, абсолютті чемпион атағын қайтарғанына қарамастан, сол мәртебеден айырылуы мүмкін.

33 жастағы Джозеф Паркер кәсіпқой рингте 36 рет жеңіске жетсе, соның 24-ін нокаутпен жеңген және үш рет жеңілген. Ал Усиктің еншісінде 24 жеңіс болса, соның 15-ін нокаутпен аяқтаған және бір де бір рет жеңілмеген.

Айта кетейік, 19 шілде күні Александр Усик британиялық Даниэль Дюбуаны нокаутпен жеңіп, аса ауыр салмақтағы барлық белбеуді – WBC, WBA, WBO, IBF, IBO және The Ring-ті иеленді.

Осылайша, Усик тарихта Мохаммед Әлиден кейін екінші рет абсолютті әлем чемпионы атанған аса ауыр салмақтағы екінші боксшы болды. Айта кетейік, Әли бұл атақты үш рет жеңіп алған (1964, 1967, 1978). Осы жеңісі арқылы Усик мансабындағы ең қомақты табысқа кенелді: ол 132 миллион доллар (шамамен 70,3 миллиард теңге) сыйақы алды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама