Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Төрт салмақта чемпион атанған әйгілі боксшы инсульттан көз жұмды

Редактор
29.07.2025, 09:54

Кәсіпқой мансабында ол 33 жеңіске жетіп, оның 16-сын нокаутпен аяқтаған

Redes sociales

Аргентинада бокстан төрт салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Алехандра Оливерас 47 жасында өмірден озды.

Аргентиналық БАҚ-тың хабарлауынша, спортшы 28 шілде, дүйсенбі күні қайтыс болған. Бірнеше апта бұрын оны ишемиялық инсульт диагнозымен Санта-Фе қаласындағы ауруханаға жатқызған.

Алехандра Оливерас екі мәрте Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) чемпиондық белдігін иеленсе, бір реттен Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) мен Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) чемпиондық титулын жеңіп алған.

Кәсіпқой мансабында ол 33 жеңіске жетіп, оның 16-сын нокаутпен аяқтаған. Үш рет жеңіліп, бір жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталған.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер күресінің аңыз тұлғасы, Олимпиада чемпионы, әлемнің сегіз дүркін жеңімпазы Хитоми Обараның қайтыс болғанын жазған едік.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама