ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Сегіз мәрте әлем чемпионы болған даңқты балуан қайтыс болды

21.07.2025, 19:17

Хитоми Обара әйелдер күресінің аңыз тұлғасына айналған

Сегіз мәрте әлем чемпионы болған даңқты балуан қайтыс болды
Getty images

Күрес әлемі қара жамылды. Әйелдер күресінің аңыз тұлғасы, Олимпиада чемпионы, әлемнің сегіз дүркін жеңімпазы Хитоми Обараның қайтыс болды. Бұл туралы Жапонияның күрес федерациясы ресми түрде мәлім етті. Қайғылы жағдайдың нақты себебі әзірге белгісіз.

Хитоми Обара спорт жолын Сакамото тегімен бастап, 51 келі салмақта 2000–2011 жылдар аралығында әлем чемпионатында сегіз мәрте топ жарды. Ал 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 48 келі салмақта алтын медаль жеңіп алып, Олимпиада чемпионы атанды.

Спорттық мансабын 31 жасында аяқтаған Обара бапкерлікке бет бұрып, жаңа кезеңге қадам басты. 2022 жылы Халықаралық күрес федерациясы оның құрметіне «Даңқ залын» ашып, есімін берді.

2024 жылдың басында Хитоми Обара мен төрт дүркін Олимпиада чемпионы Каори Ичо 2028 жылғы Олимпиадаға дейін Жапония әйелдер құрамасының бапкерлері ретінде тағайындалған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам