Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Бокстан Азия чемпионаты: қыздарымыз турнирді сәтті бастады

Редактор
01.08.2025, 13:39

Аяжан Ермек жапон боксшысын жеңіп, алғашқы сыннан сүрінбей өтті

ҚБФ

 

Таиланд астанасы Бангкок қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты жалауын көтерді. Турнирдің алғашқы күні шаршы алаңға 19 жасқа дейінгі қыздар шықты.

48 келі салмақта өнер көрсеткен Диана Серікбаева кореялық Енжи Кимге қарсы кездесуде айқын басымдық танытып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Одан кейін 51 келідегі Айым Таңқыбаева Вьетнам спортшысын, 54 келідегі Жанель Имантаева өзбекстандық қарсыласын, ал 57 келідегі Аяжан Ермек жапон боксшысын жеңіп, алғашқы сыннан сүрінбей өтті.

Айта кетейік, Жанель мен өзбекстандық Муслима арасындағы тартысты бәсекеде төрешілер 3:2 есебін тіркеді. Қалған кездесулерде отандастарымыз қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Бүгін сағат 16:00-де (Астана уақытымен) кешкі сессия басталады. Бұл жолы да төрт боксшы қызымыз шаршы алаңға шығады.

 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама