Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Енді World Boxing ұйымын Өзбекстандағы этникалық қазақ басқаруы мүмкін

02.08.2025, 10:38

Ташкент облысында дүниеге келген этникалық қазақ.

olympic.uz

«Өзбекстан бокс федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Полатов болашақта World Boxing ұйымына президент болады». Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толкын Киличев Бангкокта жасөспірімдер мен жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында дәл осылай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 1bol.kz тілшісі.

«Өзбекстан бокста өзінің нөмір бірінші екенін дәлелдеп келеді. Құдай қаласа, World Boxing ұйымы аясында өтетін жарыстарда да бірінші орынға шығамыз. Бұйыртса, Сәкен Жетібайұлы World Boxing-тің президенті болады», - деп ашық мәлімдеме жасады Киличев.

Айта кетейік, өзбекстандық маман айтып отырған Сәкен Полатов - 1975 жылы Ташкент облысында дүниеге келген этникалық қазақ.


2002 жылы Ташкент мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. Алайда спортқа деген қызығушылығы медицинадан басым түсіп, өмірін спорт саласына арнады. Бүгінде ол Өзбекстандағы жетекші спорт менеджерлерінің бірі саналады. 2019 жылдан бастап ҰОК төрағасының орынбасары және елдегі бокс федерациясы басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді. Ал 2021 жылы Азия бокс конфедерациясының вице-президенті болып сайланған еді. Ал мамыр айында Азия бокс конфедерациясының вице-президенті қызметіне сайланды. 

Сәкен Полатовтың өзбек бокс мектебін әлемдегі жетекші деңгейге көтерудегі еңбегі зор. Сонымен қатар ол футбол менеджменті саласында да мол тәжірибе жинақтаған. Атап айтқанда, оның басшылығымен «Локомотив» футбол клубы үш мәрте ел чемпионы атанып, тағы үш рет Өзбекстан кубогын иеленді.

Ескеретін жайт, World Boxing - 2023 жылдың сәуірінде құрылған Халықаралық бокс федерациясы. Естеріңізде болса, былтыр Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин World Boxing-тің жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып сайланған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама