Ерлер құрамасын жарысқа Бақыт Сәрсекбаев дайындаған болатын
Таиланд астанасында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық тағы бір боксшы жеңілді. Қыздар арасындағы сайыста 57 келіде өнер көрсеткен Виктория Байдукова өзбек қарсыласы Хуморабану Мамаджановаға есе жіберді.
Жекпе-жек қос боксшының да ашық айқасымен өрбіді. Десе де, төрешілердің шешімімен өзбек қызы жеңіске лайықты деп танылды.
Айта кетейік, жарыстың алғашқы күні қазақстандық сегіз боксшы рингке шықса, соның алтауы жеңіп, екеуі жеңілді. Ал, екінші күні Томирис Мырзақұл да кореялық қарсыласына есе жіберіп, біріншілікті аяқтады.
U19 және U22 санатындағы Азия чемпионаты 1 тамызда басталып, 11 тамызда мәресіне жетеді. Биыл жарысты алғаш рет World Boxing ұйымы өткізіп жатыр. Оған Азияның 25 елінен боксшылар қатысуда.