Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Атақты Такеру Иноуэ күтпеген жерден нокаутқа түсті

Редактор
03.08.2025, 18:56

Иноуэ бірден есінен танып, рингке құлады.

видеодан кадр

Жапониядағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде әсерлі нокаут тіркелді. vRINGe.com дерегінше, бұл кеште бірінші жеңіл салмақтағы (49 кг дейін) OPBF және Жапония чемпионының бос тұрған белбеулері сарапқа салынған еді.

Шаршы алаңда екі жергілікті боксшы кездесті - әлемнің бұрынғы чемпионы, жойқын соққысымен танымал Масатака Танигучи (21-5, 15 КО) мен тәжірибесі аз болса да, көпшілікті қарқынымен қуантқан Такеру Иноуэ (4-2-1, 2 КО).

Сол қолының соққысы жойқын Танигучи айқасты көпке созбай, қарсыласын бесінші раундта-ақ нокаутқа жіберді.

Соққының қуатты болғаны соншалық, Иноуэ бірден есінен танып, рингке құлады. Орнынан тұруға тырысқанымен, алғашында сүрініп кетіп, артынан тізерлеп отырып қалды. Төреші жекпе-жекті бірден тоқтатты.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама