Жаңа құрылым наразылық қабылдауға рұқсат етті.
Бокстан Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында (U-22) үлкен дау туындады.
Әсіресе, 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалдық жекпе-жекте қазақстандық Аман Қонысбеков төрешілердің шешімімен өзбек Шавкатжон Болтаевтан жеңілді. Бұған отандасымыз келіспеді.
«Барлығын Алла көріп тұр! Мен үшін бұл үйреншікті жағдай. Мен ондайға сынбаймын», - деді Аман Қонысбеков.
Бұған дейін Asian Boxing ережелеріне сәйкес, жекпе-жек нәтижесіне қатысты наразылық білдіру мен қайта қарауға рұқсат берілмеген болатын. Алайда ирандық, үндістандық және өзге де елдердің боксшыларымен байланысты бірнеше даулы жағдайлардан кейін жаңа құрылым наразылық қабылдауға рұқсат етті.
Осы мүмкіндікті пайдаланған Қазақстан тарапы екі жекпе-жек бойынша нәтижемен келіспейтінін мәлімдеп, ресми түрде наразылық білдірді. Олар:
Қазақстан тарабы төрешілер шешімін әділетсіз деп танып, қайта қарауды талап етіп отыр.