Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Финалға шыққан бес қазақстандық боксшы да өзбектермен жұдырықтасады

Редактор
06.08.2025, 14:52
бокс федерациясы

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының жастар арасындағы Азия чемпионатында (U22) Қазақстанның бес боксшысы финалға шықты.

Таңғы сессиядағы нәтижелер:

Нұрислам Қалдыбаев (60 кг) – бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті;

Илья Калинин (65 кг) – қарсыласы жекпе-жекке шықпағандықтан автоматты түрде финалға өтті;

Нұрбек Мұрсал (70 кг) – ұпай санымен жеңді;

 Санжаралы Бегалиев (80 кг) – ұпай санымен жеңді.

Темірлан Мукатаев (90 кг) – қарсыласы екі рет нокдаунға түсіп, жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.

Финалға шыққан бесеуі де өзбек боксшыларымен кездеседі.

Финалда өтетін жекпе-жектер (Қазақстан vs Өзбекстан):

60 кг: Нурислам Қалдыбаев – Шохрух Абдумаликов

65 кг: Илья Калинин – Саят Ильясов

70 кг: Нұрбек Мұрсал – Мұхаммед Азизбек Исмоилов

80 кг: Санжаралы Бегалиев – Рахматулло Бойматов

90 кг: Темірлан Мукатаев – Шахзод Палвонов.

Сонымен қатар бүгін әйелдер арасындағы жартылай финалдық кезеңде Қазақстан құрамасынан:

  • Гүлназ Бурибаева (48 кг),
  • Бақыт Сейдиш (70 кг),
  • Шұғыла Нәлібай (75 кг),
  • Әсел Тоқтасын (80+ кг) жекпе-жек өткізеді.
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама