Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Артур Бетербиевтің келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды

Редактор
06.08.2025, 18:15

Ол 34 жастағы америкалық Деон Николсонмен кездесетін болды

championat.com

Кәсіпқой боксшы Артур Бетербиев келесі жекпе-жегін АҚШ өкілі Деон Николсонға қарсы өткізеді.

Жекпе-жек 2025 жылғы 22 қарашада Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтетін The Ring IV "Чемпиондар түні" атты ауқымды бокс кешінде ұйымдастырылады.

Аталған кездесу Бетербиев үшін ресейлік Дмитрий Биволмен өткен қос кездесуінен кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Еске салайық, олардың алғашқы айқасы 2024 жылдың қазанында Эр-Риядта өтіп, Бетербиев көпшілік төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, жартылай ауыр салмақтағы (79,4 кг дейін) абсолютті әлем чемпионы атанған еді.

Алайда 2025 жылдың ақпанында өткен реваншта Бивол есе қайтарып, қайтадан абсолютті чемпиондық белбеуді иеленді. Бұл Бетербиев үшін кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңіліс болатын.

Қазіргі таңда 40 жастағы Бетербиевтің еншісінде 21 жеңіс бар, оның 20-сын ол нокаутпен аяқтаған. Ал 34 жастағы америкалық Деон Николсон әлем чемпионы атағын бұрын-соңды иеленбеген. Ол кәсіпқой мансабында 22 мәрте жеңіске жетіп, 18 жекпе-жекте қарсыласын мерзімінен бұрын тоқтатқан. Бір рет нокаутпен жеңілген. BoxRec рейтингінде Николсон қазіргі таңда жартылай ауыр салмақ дәрежесінде 31-орында тұр. Бұл тізімде Бетербиев екінші сатыда, көш басында Дмитрий Бивол тұр.

Бұған дейін Артур Бетербиевтің жартылай ауыр салмақта WBA Super, IBO, IBF, The Ring және WBO белбеулерінің иегері Дмитрий Биволға үшінші жекпе-жекке қатысты үндеу жолдағанын жазған едік.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама