Бұл бокс кеші 5 қыркүйекте өтеді
Ұзақ уақытқы үзілістен кейін шаршы алаңға оралатын Жанқош Тұраровтың қарсыласы анықталды.
IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың бұған дейін шаршы алаңға қайта оралатынын хабарлаған едік.
Боксшының қарсыласы да белгілі болды. Ол филиппиндік Али Канегаға қарсы жұдырықтасады.
Али Канеға мансабында барлығы 15 жекпе-жек өткізіп, оның 12-де жеңіске жетіп, екеуінде жеңілген. Ал бір рет тең нәтиже тіркеген.
Бұл бокс кеші 5 қыркүйекте Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы рет 2023 жылдың қараша айында жапониялық боксшымен өзара мықтыны анықтаған еді. Нәтижесінде отандасымыз жеңіске жетіп, чемпиондық атағын сақтап қалды. Тұраров, кәсіпқой бокста 27 жекпе-жек өткізіп, бәрін де айқын басымдықпен ұтқан.