Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Бүгін Азия чемпионатында 19 жасқа дейінгі боксшылар жүлдеге таласады

Редактор
07.08.2025, 11:17

Бұл кезеңде 19 жасқа дейінгі боксшылар бақ сынайды.

бокс федерациясы

Бүгін, 7 тамыз күні, Тайланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан жастар (U-19 және U-22) арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар ширек финалдық жекпе-жектерге қатысады.

Бұл кезеңде 19 жасқа дейінгі боксшылар бақ сынайды. Жекпе-жектер екі сессияда өтеді: таңертеңгі және кешкі. Қазақстан уақыты бойынша басталуы – 09:00 және 15:00.

Қазақстаннан шаршы алаңға алты спортшы шығады:

Таңғы сессия (09:00):

  • 60 кг: Әділет Тортубек – Ку Шен-Чи (Қытай Тайбэйі) – №11 жұп 

  • 70 кг: Бейбарыс Аширбай – Баттумур Ньям-Очир (Моңғолия) –  №20 жұп 

Кешкі сессия (15:00):

  • 75 кг: Нұрсұлтан Шілдебай – Сангпак Такла (Тайланд) – №2 жұп 

  • 80 кг: Тимур Тайбеков – Сапаргелді Нұрыягдиев (Түрікменстан) – №5 жұп 

  • 85 кг: Нұрсұлтан Қыстаубай – Азирет Автандилов (Қырғызстан) –  №11 жұп

  • 90 кг: Расул Асанханов – Арвин Шахбаейкутонаи (Иран) –  №16 жұп.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама