Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қарсыласын бір минутқа жетпей сұлатып түсіріп жүрген қазақ боксшысының інісі өлі күйінде табылды

Редактор
07.08.2025, 21:39

Қайтыс болу себебі мен оқиғаның мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.

instagram.com/notyounghunter

Грузияда қазақстандық кәсіпқой боксшы Серік Мұсәділовтің інісі  Шыңғыс Мұсәділов Грузияда бірнеше күнге созылған іздестіру жұмыстарынан кейін өлі күйінде табылды. 

Бұл ақпаратты Қазақстанның Грузиядағы елшілігі растады. Шыңғыс 4 тамызға қараған түні Тбилисидің орталығындағы түнгі мекемеден шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған. Осыдан кейін жақындары дереу полицияға жүгініп, іздестіру жарияланды.

Бірнеше күнге созылған іздестіру шаралары қайғылы жағдаймен аяқталды. Қайтыс болу себебі мен оқиғаның мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.

Марқұм Шыңғыс Мұсәділов кәсіпқой рингте өнер көрсетіп жүрген Серік Мұсәділовтың туған бауыры болатын. Серіктің рекорды – 6 жеңіс, 1 тең жекпе-жек және бірде-бір жеңіліс жоқ.

Тіпті, АҚШ-та Даниэль Нахер есімді боксшыны 43-секундта нокаутқа түсірген еді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: