Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлына Карлос Адаместі ұмыту керектігін айтты

Редактор
Бүгін, 13:59

Бұл тіпті саудиялық инвесторлар үшін де тиімсіз.

Әлеуметтік желі

Boxingnews24.com пікірінше, WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына Карлос Адамеспен жекпе-жекке тым көп көңіл бөлуге болмайды.

Жәнібек («Қазақ стилі») 22 қарашада Адамеспен кездесу өткізу үшін Сауд Арабиясындағы бокс ұйымдастырушысы әрі инвесторы Турки Әл әш-Шейхке ұсыныс жасаған.
Басылымның жазуынша, Адамес бұл жекпе-жекке онша қызықпайды және сұрайтын гонорары тым жоғары болуы мүмкін. Бұл тіпті саудиялық инвесторлар үшін де тиімсіз.

Егер кездесу өтсе, ол Дэвид Бенавидес – Энтони Ярд кешінің андеркартында, әрі алдыңғы қатарда емес, шамамен алтыншы болып ұйымдастырылар еді.

Жәнібекке берілген кеңес - Адаместі ұмытып, басқа қарсыластарға назар аудару, өйткені бұл бағытты «үмітсіз іс» деп санайды.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Соңғы жекпе-жегін қазақстандық боксшы биыл сәуірде Астанада өткізді: ол француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңді.

Ал 160 фунт (орта салмақ) санатындағы басқа чемпиондарға келсек, белбеулер доминикандық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) және кубалық Эрисланди Лараға (31-3-3, 19 КО) тиесілі.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама