Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 5-орын алды
Бангкокта (Таиланд) өткен World Boxing аясындағы жастар арасындағы (U-19) бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 5-орын алды.
Құрлықтық бәсекеде қазақстандық боксшылар 2 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль иеленіп, бесінші орынға тұрақтады.
Жангелді Ахметовтің жетекшілігімен қыздар командасы 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль иеленді:
80 келі: Құралай Егінбайқызы – алтын
57 келі: Аяжан Ермек – күміс
51 келі: Айым Танкибаева – қола
54 келі: Жанель Имантаева – қола
60 келі: Алина Кудайгенова – қола
65 келі: Ақбота Есімбекова – қола
+80 келі: Сабина Жақсылық – қола
Мақсат Бақтыбазаров бастаған жігіттер командасы 1 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль иеленді:
90 келі: Расул Ассанханов – алтын
60 келі: Әділет Тортубек – күміс
70 келі: Бибарыс Әшірбай – күміс
80 келі: Тимур Тайбеков – күміс
85 келі: Нұрсұлтан Қыстаубай – күміс
75 келі: Нұрсұлтан Шілдебай – қола
Медаль кестесі:
Өзбекстан — 7 алтын, 3 күміс, 3 қола
Үндістан — 3 алтын, 7 күміс, 4 қола
Қытай — 3 алтын, 1 күміс, 5 қола
Таиланд — 3 алтын, 0 күміс, 2 қола
Қазақстан — 2 алтын, 5 күміс, 6 қола
Иран — 1 алтын, 0 күміс, 4 қола
Жапония — 1 алтын, 0 күміс, 2 қола
Филиппин — 0 алтын, 2 күміс, 0 қола
Тайвань — 0 алтын, 1 күміс, 1 қола
БАӘ — 0 алтын, 1 күміс, 0 қола
Оңтүстік Корея — 0 алтын, 0 күміс, 4 қола
Вьетнам — 0 алтын, 0 күміс, 3 қола
Қырғызстан — 0 алтын, 0 күміс, 2 қола
Индонезия — 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
Катар — 0 алтын, 0 күміс, 1 қола