Жарнама
Жарнама

Қазақстан боксшысы өзбекстандық қарсыласын жеңіп чемпион атанды

Редактор
11.08.2025, 09:39

Төрешілер  4:1 есебімен жеңісті Бөрібаеваға берді.

бокс федерациясы

Тайланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан жастар (U-19 және U-22) арасындағы Азия чемпионатында 22 жасқа дейінгілердің финалы басталды.

Шаршы алаңға алғаш болып шыққан қыздар арасында 48 келіде жұдырықтасқан Гүлназ Бөрібаева топ жарды. Ол финалда  өзбекстандық Робияхон Бахтиёровамен кездескен. Төрешілер  4:1 есебімен жеңісті Бөрібаеваға берді.

Осылайша Гүлназ Бөрібаева – 22 жасқа дейінгі Азия чемпионы, ал қарсыласы Робияхон Бахтиёрова күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Бангкокта өткен жастар арасындағы Азия біріншілігі World Boxing ұйымы өткізген алғашқы құрлықтық чемпионат болды.

Реклама
Реклама