Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Әлемнің 4 дүркін чемпионы»: Назым Қызайбай оқырмандарынан дұғада болуды сұрады

Редактор
11.08.2025, 15:53

Боксшы әлем чемпионатына қалай дайындалып жатқанын айтты

instagram.com/nazym_kyzaibay09

Қазақстанның әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай әлем чемпионаты алдында өз ойымен бөлісті.

Спортшы Instagram парақшасында төрт дүркін әлем чемпионы атануды жоспарлап отырғанын және бұл мақсатқа жету үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

«21 күн бойы тер төгіп, жанымызды салдық. Жалпы физикалық дайындықтың кезеңі аяқталды. Жақсы жаттығулар өтті. Алда техникалық және тактикалық жұмыстар басталады. Әлем чемпионатына дейін небәрі 25 күн, дайындықты үйде жалғастырамыз. Чемпион болу қиын, чемпиондықты сақтап қалу одан да қиын демекші, әлемнің 4 дүркін чемпионы болу үшін еңбектеніп жатырмын, бұйырса бәрі оңды болып, бағымыз бен бабымыз бірге шауып, жақсы нәтижеге жетсек екен. Сіздер де әр күн дұғада болыңыздар, құрметті оқырмандарым», – деп жазды Назым Қызайбай.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы алғашқы ресми әлем чемпионаты 2025 жылғы 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласындағы M&S Bank Arena кешенінде өтеді. Бұл жарысты жаңадан құрылған World Boxing халықаралық федерациясы ұйымдастырып отыр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама