Бас бапкер кемшіліктермен жұмыс істейтінін атап өтті
Қазақстан ерлер құрамасы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан U22 санатындағы Азия чемпионатын аяқтады. Қазақстанның 22 жасқа дейінгі жастар құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев чемпионатқа қатысты пікір білдірді.
«Бүгін көргендеріңіздей финалға 5 бала шықты. Үшеуі чемпион болып, екі күміс медаль түсті. Мен жігіттерге ризамын. Жеңіліп қалса да, риза болып тұрмын. Келешегіміз бар. Енді, Алла бұйырса, әрі қарай бәрін ұйымдастырамыз. Жаттығу жасаймыз. Кімнен қандай қателік кеткенін ескеріп, сол спортшымен жұмыс істейміз. Ешқандай бала шаршамастан, қиналмастан, техникалық және тактика жағынан өзін көрсетті. Мен оларға ризамын», - деді Бақыт Сәрсекбаев.
Айта кетейік, ерлер құрамасы арасында 60 кг салмақта Нұрислам Қалдыбаев, 80 кг салмақта Санжарәлі Бегалиев, 90 кг салмақта Темірлан Мұқатаев Азия чемпионы атанса, 65 кг салмақта Илья Калинин мен 70 кг салмақта Нұрбек Мұрсал күміс медальға ие болды.
Азия чемпионаты (U22) бойынша толық медаль кестесі төмендегідей: