Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Тозақтың оты». Биволдың экс-әйелі шымкенттік енесін жамандады

Редактор
Бүгін, 09:15

Екатеринаның үйіне тексеріс жүргізіп, оны «мінсіз ана» деп таныған.

Фото: tengrisport.kz

Кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы болған Дмитрий Биволдың экс-әйелі Екатерина Бивол тағы да үнсіз қалмады.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы күйеуімен арадағы сот дауларының егжей-тегжейін баяндап, оның отбасы жайлы пікір білдірді.

Екатеринаның айтуынша, 2024 жылдың қазан айында Дмитрий екі ай бойы алимент төлемеген. Сол себепті ол сотқа талап-арыз түсірген. Алайда боксшы жауап ретінде балалардың тұрғылықты жерін өзімен бірге белгілеу және оған және балаларға қатысты сот-психиатриялық сараптама жүргізу туралы қарсы талап қойған.

«Менің алиментке қатысты талабым 2024 жылдың қазанынан бері жүріп жатыр, ол кезде ол екі ай төлемеді (онсыз да өте аз төлейтін, ал ол уақытта мүлдем төлемеді). Оның қарсы талабы – балалардың тұратын жерін өзімен бірге белгілеу және маған, балаларға сот-психиатриялық сараптама тағайындау! Ол кезде Мирон 10 жасқа толған еді және өзі мен інісі кіммен бірге тұратынын өзі шеше алады», - деп жазды Екатерина.

Оның сөзінше, Миронды мұғалімімен бірге сотқа шақырған. Мамыр айында қамқоршылық органдары Екатеринаның үйіне тексеріс жүргізіп, оны «мінсіз ана» деп таныған.

«Олар боксшының бұрынғы әйеліне тиіскенін түсінбейді. Бұл іс бойынша 8 сот отырысы өтті, бірақ ол біреуіне де қатысқан жоқ. Дмитрийдің екі «шайтан» адвокаты бар. Сотты жауып тастады, өйткені Бивол өзін кедей етіп көрсетіп жүр», - деп жазды боксшының экс-жұбайы Telegram-да.

Сонымен қатар Екатерина боксшы мен оның анасынан өзіне қарсы 5 түрлі сот талап-арызы түскенін айтты. Соның ішінде 2024 жылдың желтоқсанында «ар-намысты, қадір-қасиетті қорғау» туралы да бар.

«2024 жылдың желтоқсанында ол және оның анасы маған қарсы прокуратураға 5 арыз берген. Баласы мен енем – тозақтың оты. Маған тек ескерту берілді, өйткені мен – тәртіпті адаммын. Соңғы 10 жылда бір-ақ рет көлік тұрағына қатысты айыппұл алғанмын, сондықтан әкімшілік жаза қолданбауға болады», - ол.

Айта кетейік, Дмитрийдің анасы Шымкент қаласының тумасы.

«Ата-анам Бологое қаласында танысқан. Анам Қазақстанның Шымкент қаласында дүниеге келген, кейін Кеңес Одағында еркін білім алу мүмкіндігі болғандықтан, Бологоеге оқуға барыпты. Әкем Молдовада тұрған, ол да білім іздеп сонда ат басын бұрған, сөйтіп олар сол жерде танысқан. Кейін Қырғызстанға көшіп келді, өйткені ол кезде бұл үлкен біртұтас ел болатын, бір қаладан екінші қалаға, бір республикадан екінші республикаға кедергісіз баруға болатын», -дейді боксшы.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама