«Қазақ стилінің» келесі жекпе-жек күні әлі жарияланған жоқ
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 КО) арналған жазба жариялап, жанкүйерлерден оның келесі қарсыласы туралы пікірлерін сұрады.
«Жәнібектің келесі жекпе-жегін кіммен өткізгенін қалайсыздар? Арман жекпе-жектеріңізді пікірге жазыңыздар», – делінген WBO ұйымының әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Соңғы жекпе-жегі 5 сәуірде Астанада өтті. Онда ол француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңіп, WBO және IBF белбеулерін қорғап қалды. «Қазақ стилінің» келесі жекпе-жек күні әлі жарияланған жоқ, алайда боксшы қазірдің өзінде дайындық үшін АҚШ-қа келген.
Ал 160 фунт (орта салмақ) санатындағы басқа чемпиондарға келсек, белбеулер доминикандық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) және кубалық Эрисланди Лараға (31-3-3, 19 КО) тиесілі.