Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Санатәлі Төлтаев Сауд Арабиясындағы WBC Гран-приінде жеңіліп қалды

Редактор
13.08.2025, 23:00

Осыған сәйкес төрешілер шешімімен жеңіс Даниил Лозанға берілді.

©IBA

Сауд Арабиясында өтіп жатқан WBC Гран-при халықаралық турнирінде қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев жарыстың ширек финалдық кезеңінде жеңіліп қалды.

Төлтаев украиналық Даниил Лозанмен (14-0, 9 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жектің екінші раундтында украиналық боксшысы отандасымызды нокдаунға түсірді. 6 раундқа жоспарланған айқастың бесінші раундта Лозанның қабағы жарылып, жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.

Турнирдің ережесіне сәйкес, егер боксшы жарақат алып, жекпе-жек тоқтатылса, сол уақытқа дейінгі ұпайлар есепке алынады. Осыған сәйкес төрешілер шешімімен жеңіс Даниил Лозанға берілді.

Бұған дейін 1/8 финалда Санатәлі Төлтаев филиппиндік Джеральд Интоны айқын басымдықпен ұтқан еді.

Айта кетейік, аталмыш жарысты WBC Турки Әл аш-Шейхпен бірлесіп ұйымдастыруда.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама