Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Әлімханұлы Канелоның салмағына қашан ауысады

Редактор
14.08.2025, 14:38

Жәнібекке орта салмақтағы барлық титулды біріктіру үшін WBC және WBA белбеулерін иелену керек

әлеуметтік желі

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлемнің біріккен чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) менеджері Эгис Климас өз шәкіртінің өзге салмаққа ауысу мүмкіндігі жайлы айтты.

Маманның сөзіне қарағанда, Жыланды ауылының тумасы өзге салмақ дәрежелерінде, әсіресе екінші орта салмақта да табысқа жете алады.

«Жәнібек – ірі жігіт, ол екінші орта салмаққа еш қиындықсы көтеріле алады. Бірақ алдымен ол орта салмақтағы барлық белбеуді біріктіріп, абсолютті әлем чемпионы болғысы келеді. Содан кейін екінші орта салмаққа өтуді жоспарлап отыр», – деді Климас The 3 Knockdown Rule подкастында.

Айта кетсек, Әлімханұлы бұған дейін де жоғары дивизионда белбеулерге таласуды жоспарлап жүргенін алға тартқан. Қазіргі таңда екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (63-2-2, 39 КО) тиесілі.

Жәнібекке орта салмақтағы барлық титулды біріктіру үшін WBC және WBA белбеулерін иелену керек. WBC белбеуі доминикандық Карлос Адаместің (24-1-1, 18 КО), ал WBA титулы – дивизиондағы ең тәжірибелі чемпион, 42 жастағы кубалық Эрисланди Лараның (31-3-3, 19 КО) еншісінде.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама