Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Ауруханаға түскен Дмитрий Бивол чемпиондық белбеулерінен айырылуы мүмкін

Редактор
14.08.2025, 15:46

Жарақатына байланысты Бивол 2025 жылдың соңына дейін рингке шықпайды

әлеуметтік желі

Артур Бетербиевтің бас бапкері Нурипаша Талибов шәкірті мен Дмитрий Бивол арасындағы үшінші жекпе-жек өтпеуі мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, келіссөздер тым созылып кеткен, ал бұл уақыт ішінде Бетербиев чемпиондық белбеулерінен айырылып қалуы ғажап емес.

«Мүмкін. Өйткені бәрі ұзаққа созылып кетті. Ол титулын да жоғалтып алуы ықтимал, ал өзгелер қарап тұрған жоқ», – деді Талибов Odds.ru сайтына берген сұхбатында.

Артур Бетербиев бұған дейін бірнеше мәрте Биволмен үшінші жекпе-жек өткізуге ниетті екенін айтқан, бірақ қарсыласын «шегіну жолын таңдады» деп сынаған. Ол енді рингтегі жолын Биволдың шешімін күтпей жалғастыратынын жеткізді.

Қазіргі жоспарға сәйкес, Бетербиев келесі кездесуін 22 қарашада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін The Ring IV: Night of Champions турнирінде өткізеді. Қарсыласы – АҚШ боксшысы Деон Николсон. Оның 22 жеңісінің 18-і нокаутпен аяқталған.

Ал Дмитрий Бивол арқасындағы он жылдан бері мазалап келе жатқан жарақатына ота жасатып, ауруханада жатыр.

«Жаттығу жиындарында жарақатым асқынып кетті. Дәрігердің кеңесімен ота жасаттым. Барлығы сәтті өтті, қазір өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін. Алда – 6–8 апта реабилитация. Содан кейін жаттығуларға қайта кірісемін. Баршаңызға қолдауларыңыз үшін рақмет – келесі жылы жаңа сындарға дайын боламын!», – деп жазды Бивол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жарақатына байланысты Бивол 2025 жылдың соңына дейін рингке шықпайды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама