Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Дмитрий Биволдың экс-әйелі денесіне өзгеріс жасады

Редактор
16.08.2025, 21:40

Енді өзім қалағандай тепе-теңдікті таптым

Фото: instagram.com/bivol_kate/

Кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы болған Дмитрий Биволдың экс-әйелі Екатерина Бивол балаларын құрметтеу мақсатында жаңа татуировка жасатты.

Ол үш лотос гүлін салдырғанын айтып, бұл таңбаның мағынасын түсіндірді.

Татуировканың мәні

«Үш лотос гүлінің суретін салып жатырмыз. Бұл – тыныштық пен тепе-теңдіктің белгісі. Үшеу. Мен және менің балаларым. Олар бұл идеяны қатты ұнатты. Ажырасқан кезде феникс салдырған едім, ол менің өліп, қайта тірілгенімді бейнелейтін. Енді өзім қалағандай тепе-теңдікті таптым. Лотос – менің балаларыммен бірге үйлесімділіктің символы. Біз көп нәрседен өттік. Егер сыртқы күресім әлі бітпесе, ішкі күресімнің аяқталғанын сеземін», - деп жазды Екатерина.

Ажырасу жайлы мәлімет

Дмитрий мен Екатерина Бивол ресми түрде ажырасып кеткен. Әйелінің айтуынша, олардың некесінің бұзылуына күйеуінің танымал болғаннан кейін өзіне деген қарым-қатынасының өзгеруі себеп болған. Екатерина өзін күйеуінің өмірінде «артық адамға» айналғанын, сондай-ақ Дмитрийдің өзін материалдық жағдайға лайық емес деп кемсіткенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, ол бұрынғы жарын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған. Сондай-ақ шымкенттік енесінің де қатысы барын айтады.

Өз кезегінде Дмитрий Бивол бұл айыптауларды жоққа шығарып, бұрынғы әйелінің әрекетін «имморальды» деп атап, онымен ешқандай қарым-қатынас жасағысы келмейтінін айтқан.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама