Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Геннадий Головкинді Олимпиада чемпионы қонаққа шақырды

Редактор
18.08.2025, 09:02

Іс-шара Будапешттегі Батырлар алаңында өтті.

ҰОК

Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Мажарстан бокс федерациясының 100 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған іс-шараның құрметті қонағы болды. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, іс-шара Будапешттегі Батырлар алаңында өтті.

Геннадий Головкин Будапештке Мажарстан бокс федерациясының президенті, Олимпиада чемпионы Иштван Ковачтың арнайы шақыртуымен барды. 

Мерейтойлық шараға түрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналды. Мерекеге Халықаралық Олимпиадалық комитетінің бокс ісі жөніндегі бөлімінің жетекшісі Брено Прантес, Еуропалық бокс федерациясының президенті Ларс Бровил, Панамерикалық бокс конфедерациясының президенті Элиз Сеньоль, Еуропалық бокс федерациясының вице-президенті Альмар Огмундсон, Еуропалық бокс федерациясы Атқарушы кеңесінің мүшесі Кирси Корпаэус, World Boxing президенті Борис ван дер Ворст және басқа да тұлғалар қатысты. 

Мерекелік бағдарламада жас ерекшеліктеріне қарай жасөспірімдерден бастап, ардагерлерге дейін көрсетілімдік жекпе-жектер ұйымдастырылды. Сондай-ақ бұрынғы чемпиондар мен танымал тұлғалар қатысты. 

Айта кетейік, сапар барысында Геннадий Головкин World Boxing саммитіне қатысып, Будапешттің спорт нысандарын аралады. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама