Карлос Адамес жекпе-жек өтетін күнді атады
Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамес өз елінде жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында осы күзде қайта рингке шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы Sports.kz жазды.
Соңғы кездері қазақстандық WBO/IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адамеске іздеу салып жүргені белгілі. Дегенмен, Адамес келесі жекпе-жегінде орыс боксшысымен жұдырықтасатынын мәлімдеді.
— Келесі жекпе-жегің қашан өтеді?
— Менің келесі айқасым қарашада. 23 қараша күні өтеді.
— Қарсылас кім?
— Орыс боксшысы. Екі дүркін әлем чемпионы, — деп жауап берді Адамес.
Айта кетейік, бұған дейін бокстың саудиялық ірі инвесторы Турки әл-Шейх Карлос Адамеске қараша айында «Қазақ стилімен» біріктіру жекпе-жегін өткізуді ұсынған еді. Алайда Адамес келіссөздерді ұзаққа созғандықтан, бұл ұсыныс кейін қайтарылып алынды.