Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Әлем чемпионатында трансгендер қазақстандық боксшының қарсыласы атануы мүмкін

Редактор
22.08.2025, 11:28

Олимпиада чемпионы міндетті түрде гендерлік тексерістен өтеді

Global look press

Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Линь Юйтиннің бапкері Цзэн Цзыцзян шәкірті алдағы айда Англияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатынын және соның алдында міндетті түрде гендерлік тексерістен өтетінін хабарлады.

«Олар бұл талапқа барлық спортшы бағынуы тиіс екенін мәлімдеді. Біз де ережеге бағынамыз. Турнирге қатысқың келсе, жарыс ережелерін орындауға міндеттісің. Біз қатысып отырғандықтан, олардың тәртібіне сай әрекет етеміз», – деп келтіреді Цзыцзянның сөзін AFP агенттігі.

Сәрсенбі күні Халықаралық бокс ұйымы (World Boxing) алдағы әлем чемпионатына қатысқысы келетін барлық әйел спортшы міндетті түрде «гендерлік тестілеуден» өтетінін хабарлады. Бұл жаңа ереже дәл сол күні күшіне енген.

Айта кетейік, Ливерпульде өтетін әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы сапынан 57 келі салмақта 2022 жылғы Азия чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Карина Ибрагимова ел намысын қорғайды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама