Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Ирландиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын тағы жекпе-жекке шақырды

Редактор
22.08.2025, 12:45

26 жастағы ирландиялық өзін «орта салмақтағы ең көп айналып өтетін жас жұлдыз» деп атады

әлеуметтік желі

Ирландиялық боксшы Аарон Маккенна (20-0, 10 КО) қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) айқасуға дайын екенін мәлімдеді.

26 жастағы ирландиялық өзін «орта салмақтағы ең көп айналып өтетін жас жұлдыз» деп атап, әлеуметтік желіде қазақ боксшысын жекпе-жекке шақырды.

«Екеуміз – 160 фунтқа дейінгі салмақтағы ең қауіпті боксшылармыз. Жәнібек Әлімханұлы да, мен де кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға әзірміз. Ендеше, бастайық», – деп жазған Маккенна болашақ айқастың болжамды постерін жариялады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын иеленіп отыр. Ал Маккенна WBO рейтингінде 13-орында, IBF тізімінде 7-орында тұр.
Өзінің соңғы жекпе-жегінде Аарон Маккенна төрешілердің ортақ шешімімен британиялық Лиам Смитті жеңді. Бұл кездесу 2025 жылдың сәуірінде Лондондағы «Тоттенхэм Хотспур Аренада» өтті.

Жәнібек Әлімханұлы да соңғы жекпе-жегін сәуір айында өткізген болатын. Ол француз Анауэль Нгамессингені бесінші раундта нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, қазақстандық боксшының командасы орта салмақтағы тағы бір чемпион - доминикандық Карлос Адамеспен жекпе-жек ұйымдастыруға мүдделі. Алайда келісімшарт әзірге жасалған жоқ. Еске салсақ, Аарон Маккенна бұған дейін де Жәнібек Әлімханұлына айқас өткізуді ұсынған, бірақ қазақстандық чемпион бұл ұсынысқа жауап бермеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама